Эпизоотияға қарсы іс-шаралар - бұл жұқпалы аурулар қоздырғыштарының көздерін залалсыздандыруды және жоюды көздейтін ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларының алдын алуға, оларды анықтауға және жоюға бағытталған жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар кешені. Іс-шаралар жануарлардың жұқпалы аса қауіпті және энзоотиялық ауруларының пайда болуына, таралуына, жойылуына жол бермеуге бағытталған. Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары үшін белгілі бір қоздырғыштың болуы, оның даму айналымы, жұқтырған жануардан сау жануарға жұғу қабілеті және кең таралуымен тән.