Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасын ауыл шаруашылығы министрлігі «АӨК-дегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС-мен бірлесіп әзірледі және 2023 жылы пилоттық режимде іске қосылды.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында қосымшаны 7377 адам пайдаланады. Әулиекөл ауданындағы фермерлер ең көп «TortTulik» пайдаланады – 1430 пайдаланушы.
Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - ШҚ, ЖШС, ЖҚШ мал басына түгендеу жүргізе алады, ветеринариялық паспорт ала алады, жоғалған кезде тегтерді ауыстыра алады, союдан кейін малды есептен алып тастай алады, малды бір ӘАОЖ ішінде сата алады және болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату рәсімдерін жасай алады, ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде іс-шаралар жүргізе алады.
Сондай-ақ, қосымшада саланың соңғы жаңалықтарын біле алуға, алдағы вакцинация туралы хабарлама ала алуға және тағы басқа мүмкіндіктерін қолдануға болады.
«TortTulik» қосымшасын қазір Android Playmarket-тен жүктеуге болады, әзірлеушілер IOS-та смартфондарға арналған қосымшаны дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.