Базардан немесе ет дүкендерінен мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде, сатып алушы сатушыдан барлық қажетті ветеринариялық ілеспе құжаттарды (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық сараптама) талап етуге құқылы.
Ветеринариялық ілеспе құжаттардың болуы өнімнің шығарылған күні мен сатылу мерзімін, сондай-ақ өнімнің шығу тегін анықтауға мүмкіндік береді. Шығу тегі белгісіз мал өнімдері улануға, жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына әкелуі мүмкін.
Негізгі ереже: Ауру қаупін жою үшін мал өнімдерін ресми сауда орындарынан сатып алу ұсынылады.