Ветеринариялық препараттар

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде облысқа мемлекеттік қорынан ағымдағы жылдың 2-ші жарты жылдығында қолдану үшін ауылшаруашылығы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық препараттар берілді. Барлығы 1 101 588 доза ветеринариялық препараттар түсті, соның ішінде: пастереллезге, нодулярлі дерматитке, етқореткілер эхинококкозына, туберкулезге, сібір жарасына, аусылға, жылқылар ринопневмониясына, құстардың жоғарғы патогенді тұмауына қарсы ветеринариялық препараттар келіп түсті.

Дата публикации
05 августа 2024