Ветеринариялық анықтама беру

Ветеринариялық анықтама - бұл жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдауға және жануарларға берілетін ілеспе құжат.

Ветеринариялық анықтаманы алу ушін ветеринариялық құжаттарды беру Қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен ветеринариялық станцияға жүгіну қажет. 

Өтінішті қабылдағаннан және тіркегеннен кейін ветеринариялық маман ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануар туралы мәлеметтер, сондай-ақ аумақтын эпизоотиялық ахуалын бағалау, көлік құралынын ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалау негізіндегі өнімді немесе жануарды қарап-тексеруді жүргізеді, қолымен және мөрімен расталған ветеринариялық анықтама не дәлелді бас тарту беріледі.

Ветеринариялық анықтама өтініш берілген күні беріледі жене рәсімделеді.

Ветеринариялық анықтама беру бойынша қызмет тегін көрсетіледі. Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасының аумағында

жарамды.

Дата публикации
01 августа 2024