ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13 - бабына сәйкес – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы облыстың жергілікті атқарушы органы-Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына хабарлайтынын еске саламыз.
13-1 - бапқа сәйкес ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарламаға жатады:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу;
2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттар өндірісі;
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Е-лицензиялау» порталы арқылы беріледі.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес-тиісті хабарламаны жібермей қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-95 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.