Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 54,3% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:
- ағымдағы жылғы ақпан-маусым айларында ІҚМ 278 654 бас жоспарымен 277 143 сынама зерттелді, немесе 99,4%;
- ағымдағы жылғы ақпан-маусым айларында ҰММ 307 600 бас жоспарымен 314 047 сынама зерттелді, немесе 102,1%.
Алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 947 658, қарасанға – 123 740, аусылға – 1 018 967, нодулярлық дерматитке – 85 700, пастереллезге – 215 356, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 373 165, құстардың Ньюкасл ауруға – 259 000, етқоректілердің эхинококкозына – 23 190, ринотрахеитке – 33 095, туберкулезге – 226 283, ринопневмонияға – 23 700, сақауға – 5 350 бас.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес,2024 жылғы 1 қаңтардан 1 шілдесіне дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 16 351 ветеринариялық анықтама берілді.