Есепті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 1 667 914,1 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша 1 667 908,9 мың теңге игерілді. Төлемдер бойынша жоспардан қалған қаражат-5,2 мың теңге. Ақпарат шығыстар бойынша жиынтық есеп негізінде жасалды (4-20-нысан).
Жергілікті бюджет қаражаты бойынша күтілетін игеру 100% -. құрайды.
001 «Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша-1,7 мың теңге:
- 1,3 мың теңге – жалақы, салықтар және аударымдар бойынша төлем: дөңгелектеу есебінен қалдық;
- 0,4 мың теңге - өзге де қызметтер мен жұмыстар: дөңгелектеу есебінен қалдық.
010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша - 1,7 мың теңге: қалдық дөңгелектеу есебінен.
011 «Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша - 1,7 мың теңге: дөңгелектеу есебінен қалдық.
028 «Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау пункттеріне дейін тасымалдау жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша - 0,1 мың теңге: қалдық дөңгелектеу есебінен.
Басшы Т. Иманбаев