«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру»

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Осы мемлекеттік қызмет «Е-лицензирование» порталы арқылы көрсетіледі.

Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды;

Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Лицензия бергені үшін лицензиялық алым 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті құрайды; лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 (он) пайызын құрайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығымен бекітілген ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесі 8-тармағымен регламенттелген.

Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-95 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.

Дата публикации
22 мая 2024