Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 54,3% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:
- ағымдағы жылғы ақпан-сәуір айларында ІҚМ 173 971 бас жоспарымен 151 430 сынама зерттелді, немесе 86%;
- ағымдағы жылғы ақпан-сәуір айларында ҰММ 183 771 бас жоспарымен 170 139 сынама зерттелді, немесе 93%.
Алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 443 033, қарасанға – 88 490, аусылға – 682 841, нодулярлық дерматитке – 56 740, пастереллезге – 96 514, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 228 200, құстардың Ньюкасл ауруға – 99 600, етқоректілердің эхинококкозына – 11 799, ринотрахеитке – 16 675, туберкулезге – 77 650, сақауға – 3 880 бас.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан 1 мамырына дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 9 319 ветеринариялық анықтама берілді.