Малшаруашылық қора – қопсыларын тазарту не үшін қажет ?

Ауылшаруашылығы жануарларын аса қауіпті инфекциялардан қорғауды қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығы үй-жайлары мен іргелес аумақтарды талапқа сай ұстау маңызды. Әдетте ауру қоздырғыштары биологиялық және қатты тұрмыстық қалдықтарда, жем мен жем қоспаларының қалдықтарында, көңде және басқада қалдықтарда көп мөлшерде шоғырланады.

Атап айтқанда,механикалық және санитарлық тазартуды дезинфекциялық, дезинсекциялық және детаризацияны жүргізер алдында атқару қажет. Осы шараларды орындау жануарлардың қора-қопсысында қауіпты аурулардың қоздырғыштарының таралуына жол бермейді. Сондықтан жануалардың иелеріне ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелерінде ветеринариялық қызметпен өзара іс-қимыл жасау ұсынылады.

Дата публикации
29 апреля 2024