Құтыру ауруы адамдар мен жануарлар үшін ең қауіпті инфекциялардың біріне жатады. Ауыл шаруашылығы және үй жануарларын құтырудан қорғау үшін ветеринарлық қызмет жыл сайын орман алқаптарында аталған ауруға қарсы вакцинасы бар брикеттелген жемді орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Осылайша, орманды жерлерде тіршілік ететін жабайы жануарлар жемді жеген кезде құтыруға қарсы иммундық қорғаныс алады және ауыл шаруашылығы пен үй жануарларына қауіп төндірмейді.
Ағымдағы жылдың сәуір айындағы жоспарға сәйкес, қазіргі уақытта жабайы жануарлардың санына есептелген 91 400 доза мөлшерінде жем салу жүзеге асырылды.