Ауыл шаруашылығы жануарларының карантині

Жаңадан әкелiнетiн немесе әкетiлетiн ауыл шаруашылығы жануарларының карантинi жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы және одан тысқары жерлерге ауысқан уақытында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында жүргiзiледi.

Жануарлар карантинiнiң қажеттiлiгiн, ұзақтығын және шарттарын аумаққа жануарларды әкелу жоспарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң аудандық немесе қалалық аумақтық инспекциясы белгiлейдi.

Республика iшiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен (лерден) аймақтарға бөлудiң әр түрлi түрлерiмен қауiпсiз жаңадан келген, әкелiнген, сатып алынған, әкетiлетiн, ауыстырылған карантиндiң ұзақтығы күнтiзбелiк 7 күннен кем болмайды.

Үшiншi елдерден әкелiнетiн немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын, республикадан үшiншi елдерге әкетiлетiн жануарлар карантинiнiң ұзақтығы кемiнде 21 (жиырма бiр) күнтiзбелiк күндi құрайды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу немесе әкету жоспарланғанға дейiн карантиндi жүргiзу үшiн иелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң тиiстi аудандық немесе қалалық аумақтық инспекциясына және Ветеринариялық станцияға хабарлауға тиiс.

Карантиндiк кезең iшiнде меншiк иелерi шаруашылық жүргiзушi субъектiде бар малдан бөлек ұстауды қамтамасыз етуге, басқа жануарлармен тiкелей немесе жанама жанасудың алдын алу жөнiнде шаралар қабылдауға тиiс.

Диагностикалық сынақтарды Республикалық ветеринариялық зертхана жүргізеді.

Жануарларды ветеринариялық өңдеудi тиiстi ауданның немесе қаланың Ветеринариялық станциясы жүргiзедi.

Жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық тесттер мен ветеринариялық өңдеулер меншік иелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Дата публикации
17 апреля 2024