Электрондық бірдейлендіру тәсілі

Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының 9-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермер қожалықтарында мал басын шаруашылықішілік есепке алуды жүргізу үшін сәйкестендірудің электрондық тәсіліне (радиожиілік белгісі бар биркалар, болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар) жол беріледі.

Заманауи талаптарға сай келетін ауыл шарашылығы малдарына электронды чип енгізу арқылы бірдейлендіру тез әрі тиімді әдістің бірі болып табылады. Шыны немесе керамикалық қабықпен қапталған, көлемі күріш дәнегіндей болатын электронды чип жануардың тері астына енгізіледі. Чип елдің, облыстың, жануар түрін және бірдейлендіру номерін білдіретін 15 белгілік кодтан тұрып,  арнайы сканер құрылғысы арқылы оқылады. Енгізілген чип жануар денесінде өмір бойына сақталады.

Электронды чип арқылы бірдейлендірудің тиімділігі жануар ауырсынбайды, бірдейлендіру номері жоғалып немесе кетіп қалмайды оған қоса, жануарды жығуды және көп уақытты қажет етпейді.

Сонымен қатар қазіргі кезде белең алған мал ұрлығы және автокөлік жолдарындағы ауыл шаруашылық жануарларының салдарынан болып жатқан жол апаттары кезінде электронды чип арқылы малдың иесін анықтауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы жануарларына электрондық тәсілде бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды сатып алу ҚР «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы Заңының 6 тарау 35-бабына сәйкес олардың иелері есебінен жүргізіледі. Шыққан елінде бірдейлендірілген импортталған ауыл шаруашылығы жануарлары бұрын берілген жеке нөмірін сақтап қалады.

Микрочипті тері астына енгізгеннен кейін немесе радиожиілікті сырғаларды бекіткеннен кейін ақпаратты әрі қарай оқу үшін сканер қолданылады. Ақпаратты оқу қашықтығы 12-45 см-ден, көбіне сканердің қуаттылығына және микрочиптің мөлшеріне байланысты.

Дата публикации
10 апреля 2024