Қостанай облысы ветеринария саласының 01.04.2024 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 54,3 % түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:

- ағымдағы жылғы ақпан-наурыз айларында ІҚМ 90 487 бас     жоспарымен 94 996 сынама зерттелді, немесе 105%;

- ағымдағы жылғы ақпан-наурыз айларында ҰММ 98 303 бас жоспарымен 103 880 сынама зерттелді, немесе 106%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 240 350, қарасанға – 32 190, нодулярлық дерматитке – 38 700, пастереллезге – 40 683, құстардың жоғары патогенді тұмауға – 114 400, құстардың Ньюкасл ауруға – 61 000, етқоректілердің эхинококкозына – 10 645, ринотрахеитке – 4 900, туберкулезге – 71 900, сақауға - 50 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан 1 сәуірге дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 6 106 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
02 апреля 2024