Сыйлықтарды тапсыру ережелері

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың алған сыйлықтарын тапсыру қағидалары.

Сыйлықты алған (тапқан) күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде (адамның хабарынсыз келіп түскен; адам өзінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған; жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты берілген (тапсырылған) адам оны аумақтық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-ЖАО).

Сыйлықты тапсыру уәкілетті орган немесе  ЖАО жасайтын Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-табыстау актісі бойынша жүзеге асырылады        тұлға сатып алу туралы не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P020000833_) қоса бере отырып, белгіленген нысанда.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, мүлікті сыйлық түрінде толық емес және (немесе) уақтылы уәкілетті органға бергені үшін, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.

Дата публикации
28 марта 2024