Ветеринариялық анықтама беру

Ветеринариялық анықтама беру - Ветеринариялық анықтаманы аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары береді.

Ветеринариялық анықтаманы алу үшін жануарды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді (тасымалдауды) жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық станцияға өтініш береді. Ветеринариялық анықтама беру үшін ветеринариялық маман өтініш пен құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады. Содан кейін өнімді немесе жануарды ветеринариялық қарап-тексеруден кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі Дерекқорда бар жануар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалау, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалау негізінде қолымен және мөрімен расталған ветеринариялық анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

Ветеринариялық анықтама жануарға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа беріледі және көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні ресімделеді.

Ветеринариялық анықтама беру бойынша қызмет тегін көрсетіледі.

Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.

Дата публикации
13 марта 2024