Қостанай облысы ветеринария саласының 01.09.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қостанай облысы ветеринария саласының 01.09.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне ветеринарлық препараттардың жылғы көлемінен жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина 90% көлемінде келіп түсті. Барлық препараттар жеткізушімен аудандар мен қалаларға аталған көлемде жеткізілді.

Диагностикалық зерттеулер

ІҚМ. Ағымдағы жылғы 1 жарты жылдығына 259 850 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 259 850 сынама зерттелді, немесе 100%. Жұқтыру 0,39% құрды.

ҰММ. Ағымдағы жылғы 1 жарты жылдығына 240 871 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 240 871 сынама зерттелді, немесе 100,0%, жұқтыру 0,01% құрды.

Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары 

Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын    алдын-алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың 2020 жылға арналған жоспары бекітілді.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:

- туберкулёз ІҚМ 396 310 бас 8 айлық жоспар бойынша 388 810 бас зерттелді, немесе 98%, шошқалар 24 430 бас жоспарымен 25 145 бас зерттелді, немесе 103%;

- сібір жарасы ІҚМ 298 650 бас 8 айлық жоспар бойынша 299 550 бас егуден өтті, немесе 100%, ҰММ 227 850 бас жоспарымен 225 150 бас егуден өтті, немесе 99%, жылқылар 40 960 бас жоспарымен 41 010 бас егуден өтті, немесе 100%;

- пастереллёз ІҚМ 125 350 бас 8 айлық жоспар бойынша 123 600 бас егуден өтті, немесе 99%, ҰММ 87 310 бас жоспарымен 86 650 бас егуден өтті, немесе 99%, жылқылар 8 430 бас жоспарымен 9 080 бас егуден өтті, немесе 108%.

Цифрландыру

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  «Жылқыларды GPS-навигация жүйесімен жабдықтау» жобасы жосарланды, оның шеңберінде жылқылардың 30 басты қамту белгіленді. Бүгінгі таңда 31 бас жылқы жабдықталды, жоспар мерзімінен бұрын орындалды.

ББАЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

ББАЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде ББАЖ жүйесіне 30 464 ветеринарлық анықтама енгізілді.

 

Ветеринария басқармасы

Қостанай облысы ветеринария саласының 01.09.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Дата публикации
01 сентября 2020