Аса қауіпті аурулар дегеніміз не?

Жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары - жануарлардың арасында жылдам немесе кең таралуымен, жануарлардың жоғары ауруымен немесе өлімімен, жануарлар мен адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, үлкен әлеуметтік - экономикалық залал әкелуімен қатар жүретін жануарлар аурулары. Сібір жарасы, құтыру, аусыл, бруцеллез, туберкулез, жоғары патогенді құс тұмауы сияқты аурулар үлкен аумақтарға тез таралып, көптеген жануарлар мен құстарға жұқтыру қауіпін туғызады.

Жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының таралуын болдырмау мақсатында ветеринариялық қызмет вакцинация және аллергиялық зерттеулер арқылы профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Жануарлар мен құстардың иелері шаруашылықтарды қауіпті инфекциялардан қорғауда тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін жоспарлы емдеу жүргізу кезінде ветеринарлық мамандарға белсенді түрде жәрдемдесуі керек.

Дата публикации
12 марта 2024