Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 54,3 % түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:
- ағымдағы жылғы ақпан айында ІҚМ 25 260 бас жоспарымен 30 601 сынама зерттелді, немесе 121,1%;
- ағымдағы жылғы ақпан айында ҰММ 28 113 бас жоспарымен 34 283 сынама зерттелді, немесе 121,9%.
Алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: сібір жарасына – 100, эмкарға – 1 640, етқоректілердің эхинококкозына – 1 000, туберкулезге – 8 500 бас.
Инсинираторларды пайдалану
Биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инсинираторларды тиімді пайдалану үшін 2024 жылы 86 млн. 676 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, қаржылау жоспарына сәйкес қаржы уақытылы игеруге жоспарланады.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан 1 науырызға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 4 498 ветеринариялық анықтама берілді.