Жыл сайын көктемгі кезеңде елді мекендер аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы жаппай ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар -вакцинация, иммундау және аллергиялық зерттеулер басталады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында 926 659 манипуляция, оның ішінде диагностикалық зерттеулер бойынша – 137 649, аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша - 785 340, энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша – 3 670 манипуляция жүзеге асырылуы тиіс.
Осыған байланысты, жануарлар иелерінен емдеу жүргізу кезінде ветеринариялық мамандарға көмек көрсетулерін сұраймыз!