Ветеринариялық препараттардың жеткізілуі жайында

Осы аптада республикалық қордан облыстың коммуналдық меншігіне ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының аса қауіпті ауруларына, оның ішінде сібір жарасы, құтыру, аусыл, пастереллез, қарасан, құстардың жоғары патогенді тұмауы, құстардың Ньюкасл ауруы және басқа да инфекцияларға қарсы ветеринариялық препараттардың 1-ші партиясы түсті. Тасымалдау жөніндегі қызметтерді жеткізуші аудандар мен қалалардың мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына препараттарды жеткізуді жүзеге асыруда. Препараттармен қамтамасыз ету өңірде жоспарлы эпизоотияға қарсы іс-шараларды орындау бойынша жұмыстарды уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
21 февраля 2024