2024 жылға арналған жоспарлы ветеринариялық- алдын-алу іс-шаралары

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша 2024 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта жоспар аясында ветеринарлық дәрігерлер аусылға қарсы ірі қара малға профилактикалық вакцинациялауды жүзеге асыруда.

Ақпан айынан бастап ветеринариялық қызмет жануарлар мен құстардың бірқатар аса қауіпті ауруларына: құтыру, сібір жарасы, пастереллез, туберкулез, эмкар, нодулярлы дерматит, жоғары патогенді құс тұмауы, Ньюкасл ауруы және басқа да инфекцияларға қарсы вакцинация мен аллергиялық зерттеулерге кірісуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жануарлардың иелері ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде ветеринариялық мамандарға жәрдем көрсетуге міндетті екенін ескертеді.

Дата публикации
23 января 2024