Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар

Ветеринария басқармасының өкілдері «Ветеринариялық станция» КМК ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларға қатысады, ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларының алдын алу мақсатында ауылдық округтерге баруды жүзеге асырады.

Вакцинацияның негізгі мақсаты-аурудың алдын алатын белсенді иммунитетті қалыптастыру.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңының 25 бабына 7 тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етуге міндетті.

Дата публикации
19 января 2024