Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау қауіпсіздігі мәселелері бойынша 2023 жылғы жүргізілген жұмыстың қорытындылары

Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттарының маңызды ауыл шаруашылығы жануарларының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қозғалысын бақылау болып табылады.

«Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйелері арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қозғалысына мониторинг жүргізіледі.

2023 жылға біздің еліміздің шегінде қоныс аударған ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны ІҚМ – 72859 бас, ІҚМ – 19714 бас, жылқы – 8733 бас, шошқа – 7737 басты құрайды.

Қозғалысты бақылау жөніндегі іс-шаралар жүйесі ауыл шаруашылығы жануарларына карантин жүргізуді қамтиды. 2023 жылға өткен кезеңінде ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеу бойынша 211 іс-шара өткізілді.

Тұрақты негізде ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын есепке алу үшін сырғалау және таңбалау әдістерімен ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдерін сәйкестендіру жүргізіледі. 2023 жылға ІҚМ – 146647 бас, ҰҚМ – 153433 бас, шошқа – 57048 бас, жылқы – 27143 бас сәйкестендірілді.

Міндетті ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезеңінде бруцеллезге және туберкулезге оң нәтіже алған ауыл шаруашылығы жануарларын аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары малды санитариялық союға тасымалдауды жүзеге асырады.

Ветеринариялық заңнамаға сәйкес жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, алып қоймай немесе жою, не залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға құнын өтеу жүзеге асырылады.

Дата публикации
17 января 2024