2023 жылға мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген бюджет 3 369 332,7 мың теңгені құрайды. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша 3 369 328,4 мың теңге игерілді. Төлемдер бойынша жоспардан қалған қаражат 4,3 мың теңгені құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты бойынша күтілетін игеру 100% құрайды.
«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша - аппаратты ұстауға 378 564,4 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 378 561,8 мың теңгені құрайды, қалдық 2,6 мың теңге немесе 99,9%.
«Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру» 008 бағдарламасы бойынша 97 896,1 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» 009 бағдарламасы бойынша 25 921,2 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 25 920,6 мың теңгені құрайды, қалдық 0,6 мың теңге немесе 99,9%.
«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» 010 бағдарламасы бойынша 12 596,1 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» 011 бағдарламасы бойынша 4 864,9 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» 012 бағдарламасы бойынша 189 242,8 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс - шараларды жүргізу» 013 бағдарламасы бойынша 109 806,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» 014 бағдарламасы бойынша 2 439 963,3 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 2 439 962,2 мың теңгені құрайды, қалдық 1,1 мың теңге немесе 99,9%.
«Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау қызметтері» 028 бағдарламасы бойынша
4821,6 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» 030 бағдарламасы бойынша 79 378,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» 032 бағдарламасы бойынша 6 333,5 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» 033 бағдарламасы бойынша 2 831,7 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» 034 бағдарламасы бойынша 16 233,5 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Иесі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын анықтау» 035 бағдармасы бойынша 878,8 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.