Жоба
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 518 «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, О. Шипин көшесі, үй 153/3.».
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов