Жаңадан әкелiнетiн немесе әкетiлетiн ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеу олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы және одан тысқары жерлерге өтуi кезеңiнде жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық емдеу жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.Карантинге жататын жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларының қалған малдарынан бөлек ұсталады.
Ауылшаруашылығы жануарларын жоспарлы әкелу немесе әкету алдында карантиндi жүргiзу үшiн меншiкиелерi бұл туралы ҚР АШМ ВБ және ҚК тиiстi аудандық немесе қалалық аумақтық инспекциясына хабарлауға тиiс.
2023 жылдың басынан бері Қостанай облысында 187 карантиндік іс-шара өткізілді, оныңішінде: ірі қара мал – 10413 бас, ұсақ мал – 990 бас, жылқы – 59 бас, шошқа – 741 бас, күндізгі балапандар – 343 мың бас. Карантин барысында 75 бас ауру жануарбөлінді, оларғақатысты ветеринариялық-санитариялық ережеге сәйкес барлық қажетті ветеринариялық іс-шаралар жүргізілді.