Мал шаруашылығы үй-жайларында дезинфекциялау!

Жыл сайын Ветеринария басқармасы жануарлар ауруларының қоздырғыштарын әкелу және тарату қаупін болдырмау, сондай-ақ мал шаруашылығы үй-жайларында шартты-патогенді микрофлораның жиналуын болдырмау мақсатында мал шаруашылығы үй-жайларында профилактикалық дезинфекция жүргізу бойынша жұмысты (мысалы, «Дезинфекция айлығын» жариялау) ұйымдастырады.

Дезинфекцияны жүргізудің негізгі міндеті – инфекцияның оның көзінен жануарлар мен адамға таралу жолдарын үзу.

Мәселен, 2023 жылғы 17 қарашадағы жағдай бойынша аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары жалпы ауданы 301 737 ш.м. 592 объектіде ветеринариялық-санитариялық жұмыстар жүргізді.

Профилактикалық жұмыс «УАЗ» автомашинасының базасында дезинфекциялық қондырғымен жүргізіледі. Белгіленген жұмыстарды жүзеге асыру үшін дезинфекциялық құралдардың неғұрлым тиімді әсер етуі үшін максималды концентрациясы бар «Глузамин», «Форбицид», «Дезинфекциялаушы GPS 8», «ГАН» препараттары қолданылады.

Мұндай іс-шараларды болашақта да ұйымдастыру жоспарлануда.

Дата публикации
20 ноября 2023