Қостанай облысы ветеринария саласының 01.08.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне ветеринарлық препараттардың жылғы көлемінен жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина 90% көлемінде келіп түсті. Барлық препараттар жеткізушімен аудандар мен қалаларға аталған көлемде жеткізілді.
Диагностикалық зерттеулер
ІҚМ. Ағымдағы жылғы 7 айына 268 850 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 261 142 сынама зерттелді, немесе 97,1%. Жұқтыру 0,39% құрды.
ҰММ. Ағымдағы жылғы 7 айына 243 871 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 241 547 сынама зерттелді, немесе 99,0%, жұқтыру 0,01% құрды.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын-алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың 2020 жылға арналған жоспары бекітілді.
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:
- туберкулёз ІҚМ 343 970 бас 6 айлық жоспар бойынша 343 970 бас зерттелді, немесе 100%, шошқалар 22 230 бас жоспарымен 22 245 бас зерттелді, немесе 100%;
- сібір жарасы ІҚМ 294 000 бас 6 айлық жоспар бойынша 294 550 бас егуден өтті, немесе 100%, ҰММ 215 280 бас жоспарымен 217 880 бас егуден өтті, немесе 101%, жылқылар 39 860 бас жоспарымен 39 910 бас егуден өтті, немесе 100%;
- пастереллёз ІҚМ 93 650 бас 6 айлық жоспар бойынша 95 896 бас егуден өтті, немесе 102%, ҰММ 69 260 бас жоспарымен 69 910 бас егуден өтті, немесе 101%, жылқылар 8 430 бас жоспарымен 8 480 бас егуден өтті, немесе 101%.
Цифрландыру
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Жылқыларды GPS-навигация жүйесімен жабдықтау» жобасы жосарланды, оның шеңберінде жылқылардың 30 басты қамту белгіленді. Бүгінгі таңда 31 бас жылқы жабдықталды, жоспар орындалды.
ББАЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
ББАЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызына дейінгі кезеңде ББАЖ жүйесіне 26 864 ветеринарлық анықтама енгізілді.
Ветеринария басқармасы