Қостанай облысы ветеринария саласының 01.11.2023 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 88% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:

- ағымдағы жылғы қазан айында ІҚМ 485 994 бас жоспарымен 377 085 сынама зерттелді, немесе 77,5%.

- ағымдағы жылғы қазан айында ҰММ 521 911 бас жоспарымен 406 987 сынама зерттелді, немесе 77,9%.

Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары

Қостанай облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы: сібір жарасына – 1 082 958, пастереллезге – 371 080, нодулярлы дерматитке – 236 150, эмкарға – 330 090, етқоректілердің эхинококкозына – 32 707, жоғары патогенді құс тұмауы – 1 621 592, құтыруға – 318 358,  иммундау іс-шаралардан, сондай – ақ туберкулезге – 413 648, жылқының манқасына - 12 300 бас аллергиялық зерттеулерден өтті.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 қарашаға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 41 240 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
01 ноября 2023