2023 жылғы 16 қазанда ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен, аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларының басшыларымен, бухгалтерлерімен және комплаенс-офицерлерімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшылығын шақырумен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын мүлтіксіз сақтау мәселесі бойынша семинар өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша жұмыста пайдалану және ҚР қолданыстағы заңнамасын сақтау үшін тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.