Бюджеттің атқарылуы туралы есеп «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бойынша 2023 жылдың 9 айына арналған бағдарламалар

2023 жылдың 9 айында мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген бюджет 2 503 752,1 мың теңгені құрайды. 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2 500 918,1 мың теңге игерілді. Төлемдер бойынша жоспардан қалған қаражат 2,8 мың теңгені құрайды немесе 99,99%.

«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша - аппаратты ұстауға 277 650,5 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 275 878,8 мың теңгені құрайды, қалдық 1,8 мың теңге немесе 99,99%.

«Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру» 008 бағдарламасы бойынша 63 840,2 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» 009 бағдарламасы бойынша 14 246,5 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» 010 бағдарламасы бойынша 5 405,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» 011 бағдарламасы бойынша 2 166,0 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 2 165,9 мың теңгені құрайды, қалдық 0,1 мың теңге немесе 99,99%.

 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» 012 бағдарламасы бойынша 71 082,2 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс - шараларды жүргізу» 013 бағдарламасы бойынша 73 977,6 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 73 977,5 мың теңгені құрайды, қалдық 0,1 мың теңге немесе 99,99%.

«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» 014 бағдарламасы бойынша 1 899 349,8 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 1 899 349,7 мың теңгені құрайды, қалдық 0,1 мың теңге немесе 99,99%.

«Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау қызметтері» 028 бағдарламасы бойынша  4 639,9 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» 030 бағдарламасы бойынша 79 378,4 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 79 378,3 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды немесе 99,99%.

«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» 032 бағдарламасы бойынша 1 186,5 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 1 186,4 мың теңгені құрайды, қалдық 0,1 мың теңге немесе 99,99%.

«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» 033 бағдарламасы бойынша, 100% игерілді.

«Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» 034 бағдарламасы бойынша 8 207,8 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.

«Иесі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын анықтау» 035 бағдармасы бойынша 246,0 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 245,5 мың теңгені құрайды, қалдық 0,1 мың теңге немесе 99,99%.

Дата публикации
10 октября 2023