Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 88% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:
- ағымдағы жылғы қыркүйек айында ІҚМ 412 980 бас жоспарымен 376 020 сынама зерттелді, немесе 91,0%.
- ағымдағы жылғы қыркүйек айында ҰММ 451 453 бас жоспарымен 405 848 сынама зерттелді, немесе 89,9%.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы: сібір жарасына – 988 571, пастереллезге – 335 880, нодулярлы дерматитке – 214 060, эмкарға – 307 385, етқоректілердің эхинококкозына – 22 510, жоғары патогенді құс тұмауы – 1 253 192, құтыруға – 203 332, иммундау іс-шаралардан, сондай – ақ туберкулезге – 362 331, жылқының манқасына - 9 000 бас аллергиялық зерттеулерден өтті.
Инсинираторларды пайдалану
Биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инсинираторларды тиімді пайдалану үшін 2023 жылы 83 млн.748 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, қаржылау жоспарына сәйкес қаржы уақытылы игеруге жоспарланады.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 35 681 ветеринариялық анықтама берілді.