2023 жылдың 8 айында мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген бюджет 2 078 556,5 мың теңгені құрайды. 2023 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 2 078 553,4 мың теңге игерілді. Төлемдер бойынша жоспардан қалған қаражат 3,1 мың теңгені құрайды немесе 99,99%.
«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша - аппаратты ұстауға 253571,6 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 253569,7 мың теңгені құрайды, қалдық 1,9 мың теңге немесе 99,99%.
«Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру» 008 бағдарламасы бойынша 56716,9 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» 009 бағдарламасы бойынша 14182,9 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» 010 бағдарламасы бойынша 5303,4 мың теңге, нақты шығындар 5303,2 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,2 мың теңгені құрайды.
«Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» 011 бағдарламасы бойынша 1655,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» 012 бағдарламасы бойынша 34435,0 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 34434,8 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,2 мың теңгені құрайды.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс - шараларды жүргізу» 013 бағдарламасы бойынша 64840,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» 014 бағдарламасы бойынша 1 555 702,6 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 1 555 702,2 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,4 мың теңгені құрайды.
«Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау қызметтері» 028 бағдарламасы бойынша
3 376,2 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 3 376,0 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,2 мың теңгені құрайды.
«Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» 030 бағдарламасы бойынша 79378,5 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 79378,3 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,2 мың теңгені құрайды.
«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» 032 бағдарламасы бойынша 1186,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
«Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» 034 бағдарламасы бойынша 8207,8 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.