Қостанай облысы ветеринария саласының 01.09.2023 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 88% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:

- ағымдағы жылғы тамыз айында ІҚМ 331 550 бас жоспарымен 332 878 сынама зерттелді, немесе 100,4%.

- ағымдағы жылғы тамыз айында ҰММ 361 410 бас жоспарымен 369 821 сынама зерттелді, немесе 102,3%.

Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары

Қостанай облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы: сібір жарасына – 897 946, пастереллезге – 284 320, нодулярлы дерматитке – 186 460, эмкарға – 264 390, етқоректілердің эхинококкозына – 6 358, жоғары патогенді құс тұмауы - 994 680 иммундау іс-шаралардан, сондай – ақ туберкулезге – 258 181, жылқының манқасына - 3 500 бас аллергиялық зерттеулерден өтті.

         БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 29 719 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
01 сентября 2023