2023 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген бюджет 1 555 359,0 мың теңгені құрайды. 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 1 555 357,9 мың теңге игерілді. Төлемдер бойынша жоспардан қалған қаражат 1,1 мың теңгені құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты бойынша күтілетін игеру 99,99% -ды құрайды.
001 «Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша - 2023 жылдың І жартыжылдығында аппаратты ұстауға 196 621,3 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 196 620,5 мың теңгені құрайды, қалдық 0,8 мың теңге немесе 99,99%, оның ішінде:
015 кіші бағдарлама бойынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 0,8 мың теңге: ерекшеліктер бойынша дөңгелектеу есебінен қалдық.
008 «Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 41 664,7 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
009 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 11 187,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 1 775,8 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
011 «Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 1 030,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
012 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 12 012,2 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
013 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс - шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 47 845,1 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
014 «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 1 157 984,7 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
028 «Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау қызметтері» бағдарламасы бойынша
3 062,2 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 3 062,1 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.
030 «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 78 420,8 мың теңге бөлінді, нақты шығыстар 78 420,7 мың теңгені құрайды, дөңгелектеу есебінен қаражаттың қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.
032 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» бағдарламасы бойынша 623,8 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
033 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» бағдарламасы бойынша 535,4 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
034 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» бағдарламасы бойынша 3 130,6 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 3 130,5 мың теңгені құрады, дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы 0,1 мың теңгені құрайды.