Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 62,6% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:
- ағымдағы жылғы шілде айында ІҚМ 279 148 бас жоспарымен 274 167 сынама зерттелді, немесе 98,2%.
- ағымдағы жылғы шілде айында ҰММ 303 770 бас жоспарымен 304 690 сынама зерттелді, немесе 100,3%.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы: сібір жарасына – 850 461, пастереллезге – 164 055, нодулярлы дерматитке – 186 460, эмкарға – 210 950, етқоректілердің эхинококкозына – 6 658, жоғары патогенді құс тұмауы - 990 680 иммундау іс-шаралардан, сондай – ақ туберкулезге – 357 691, жылқының манқасына - 3 500 бас аллергиялық зерттеулерден өтті.
Инсинираторларды пайдалану
Биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инсинираторларды тиімді пайдалану үшін 2023 жылы 83 млн.748 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, қаржылау жоспарына сәйкес қаржы уақытылы игеруге жоспарланады.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 22 658 ветеринариялық анықтама берілді.