2023 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың бекітілген Жоспары шеңберінде ауылдық округтер мен ауылдардың ветеринариялық пункттерінің ветеринариялық дәрігерлерімен 3,5 млн. жуық манипуляция жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны пастереллезге, сібір жарасына, етқоректілердің эхинококкозына, жоғары патогенді құс тұмауына, ірі қара малдың эмфизематозды карбункуліне, ірі қара малдың нодулярлы дерматитіне және басқа да бірқатар инфекцияларға қарсы иммундау мақсатында профилактикалық вакцинациямен және аллергиялық зерттеулермен қамтылған.