Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 62,6% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:
- ағымдағы жылғы маусым айында ІҚМ 279 148 бас жоспарымен 271 507 сынама зерттелді, немесе 97,3%.
- ағымдағы жылғы маусым айында ҰММ 303 770 бас жоспарымен 304 374 сынама зерттелді, немесе 100,2%.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы: сібір жарасына – 847 361, пастереллезге – 150 000, нодулярлы дерматитке – 186 460, эмкарға – 210 625, етқоректілердің эхинококкозына – 6 658, жоғары патогенді құс тұмауы - 815 680 иммундау іс-шаралардан, сондай – ақ туберкулезге – 257 060, жылқының манқасына - 3 500 бас аллергиялық зерттеулерден өтті.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 шілдеге дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 21 728 ветеринариялық анықтама берілді.