Жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу мақсатында мамандардың қызметтік сапарлары

2023 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жаппай жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды орындау шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының мамандары облыс аудандары мен қалаларының елді мекендеріне қызметтік сапарларды жүзеге асырады.

Іссапарлар барысында басқарма қызметкерлері ветеринариялық өңдеулерді нақты жүргізу туралы сұрау салу мақсатында жануарлар иелерін аулалық аралауды жүргізеді, олардың техникалық жай-күйін және объектілерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді бағалай отырып, ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттерге барады.

Басқарма қызметкерлері ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жеке аулаларда ірі қара малды, ұсақ малды, жылқыларды, шошқаларды, түйелерді, сондай-ақ үй құстарын диагностикалық зерттеу үшін профилактикалық вакцинациялауды, қан сынамаларын алуды жүргізуді жеке бақылауды жүзеге асырады. Сапар қорытындысы бойынша өңірдегі еңбек тәртібі мен эпизоотиялық жағдайды одан әрі талдау үшін талдамалық анықтамалар, фото - және бейнематериал қалыптастырылады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

Дата публикации
12 июня 2023