Қостанай облысы ветеринария саласының 01.07.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне ветеринарлық препараттардың жылғы көлемінен жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина 90% көлемінде келіп түсті. Барлық препараттар жеткізушімен аудандар мен қалаларға аталған көлемде жеткізілді.
Диагностикалық зерттеулер
ІҚМ. Ағымдағы жылғы 6 айына 269 920 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 258 371 сынама зерттелді, немесе 95,8%. Жұқтыру 0,42% құрды.
ҰММ. Ағымдағы жылғы 6 айына 247 368 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 240 434 сынама зерттелді, немесе 97,2%, жұқтыру 0,01% құрды.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын-алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың 2020 жылға арналған жоспары бекітілді.
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:
- туберкулёз ІҚМ 343 970 бас 6 айлық жоспар бойынша 343 970 бас зерттелді, немесе 100%, шошқалар 22 230 бас жоспарымен 22 245 бас зерттелді, немесе 100%;
- сібір жарасы ІҚМ 294 000 бас 6 айлық жоспар бойынша 294 556 бас егуден өтті, немесе 101%, ҰММ 215 280 бас жоспарымен 217 880 бас егуден өтті, немесе 101%, жылқылар 39 360 бас жоспарымен 39 910 бас егуден өтті, немесе 100%;
- пастереллёз ІҚМ 93 650 бас 6 айлық жоспар бойынша 95 896 бас егуден өтті, немесе 101%, ҰММ 69 260 бас жоспарымен 69 910 бас егуден өтті, немесе 101%, жылқылар 8 430 бас жоспарымен 8 480 бас егуден өтті, немесе 101%.
Цифрландыру
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Жылқыларды GPS-навигация жүйесімен жабдықтау» жобасы жосарланды, оның шеңберінде жылқылардың 30 басты қамту белгіленді. Бүгінгі таңда 21 бас жылқы жабдықталды.
ББАЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
ББАЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымына дейінгі кезеңде ББАЖ жүйесіне 23 439 ветеринарлық анықтама енгізілді.
Ветеринария басқармасы