Қостанай облысы бойынша жоғары патогенді құс тұмау - аса қауіпті инфекциясының таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында жыл сайын көктем-күз кезеңінде аудандық және қалалық «Ветеринариялық станция» КМК ветеринариялық дәрігерлері осы ауруға қарсы үй құстарының (тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар) сезімтал құстардын басын егуді жүзеге асырады. Бүгінгі күні I-жартыжылдыққа жоспарланған ветеринариялық іс-шаралардың 83% өткізілді. Құстарды егу жұмыстары жалғасуда.