Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 56,3% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген Жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:
- ағымдағы жылғы сәуір айында ІҚМ 172 353 бас жоспарымен 157 660 сынама зерттелді, немесе 91,5 %.
- ағымдағы жылғы сәуір айында ҰММ 169 342 бас жоспарымен 144 788 сынама зерттелді, немесе 85,5 %.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы: сібір жарасына – 473 421, пастереллезге – 143 640, нодулярлы дерматитке – 132 010, эмкарға – 123 460, етқоректілердің эхинококкозына – 6 658, жоғары патогенді құс тұмауы – 544 770 иммундау іс-шаралардан, сондай – ақ туберкулезге – 133 587, жылқының манқасына – 3 350 бас аллергиялық зерттеулерден өтті.
Инсинираторларды пайдалану
Биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инсинираторларды тиімді пайдалану үшін 2023 жылы 83 млн. 748 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, қаржылау жоспарына сәйкес қаржы уақытылы игеруге жоспарланады.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 мамырға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 9 680 ветеринариялық анықтама берілді.