Қазақстан Республикасының аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша

Халық табысының өсуін және ауылдық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жолымен ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың  2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, оның негізіне мынадай қағидаттар қаланды:

- адамға бағдарлану, яғни, адамдардың мүддесі үшін ауылдық аумақтарды дамыту саясатын қалыптастыру (мемлекет тұрғылықты жеріне қарамастан, халықтың көрсетілетін базалық мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді);

- ауылдық жерлерде адамның күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, халықтың көші-қон ағынын азайту;

- заманауи талаптар мен стандарттарды ескере отырып, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру;

- ауыл шаруашылығының тиімділігін және ауылдық аумақтардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыру.

Оны іске асыру үшін мынадай тәсілдерде қалыптастырылған  49 іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспары әзірленді:

  1. Әлеуметтік, инженерлік және көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту есебінен көрсетілетін базалық қызметтерді ұсынудағы тепе-теңсіздіктерді қысқарту.
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және жан-жақты қолдау жолымен ауыл халқы табысының деңгейін арттыру.
  3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі шараларды институционалдық қамтамасыз ету (ауылдық аумақтарды қолдау мен дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүйелеу).

Аталған бағытта «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жалғастырылатын болады.

АӨК, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жолымен ауыл халқы табысын арттыру бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру көзделген.

Дата публикации
13 апреля 2023