Аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы вакцинациялаудың сапалы жүргізілуіне байланысты

Эпизоотиялық жағдайдың тұрақты сақталуы ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы вакцинациялаудың сапалы жүргізілуіне байланысты.

Осы мақсатта вакцинация барысын бақылау үшін Ветеринария басқармасының өкілдері, ветеринариялық станцияның басшылары тұрақты негізде елді мекендерге, шаруашылық жүргізуші субъектілерге барады. Ветеринариялық іс-шараларға тікелей қатысады, сақтау, тасымалдау талаптарын сақтауға, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа, қолда бар мал басын ветеринариялық іс-шаралармен толық қамтуға ерекше назар аударылады.

Осы аптада басқарма қызметкерлері Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандары бойынша іссапарға жіберілді.

Дата публикации
12 апреля 2023