Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 49% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:
- ағымдағы жылғы наурыз айында ІҚМ 87 386 бас жоспарымен 100 151 сынама зерттелді, немесе 114,6 %.
- ағымдағы жылғы наурыз айында ҰММ 84 285 бас жоспарымен 92 206 сынама зерттелді, немесе 109,3 %.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы: сібір жарасына – 200 275, пастереллезге – 44 478, нодулярлы дерматитке – 83 551, эмкарға – 18 790, етқоректілердің эхинококкозына – 6 142, жоғары патогенді құс тұмауы - 235 120 иммундау іс-шаралардан, сондай – ақ туберкулезге – 70 185, жылқының манқасына - 1 100 бас аллергиялық зерттеулерден өтті.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 сәуірге дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 6 737 ветеринариялық анықтама берілді.