2023 жылдың 1-шіжартыжылдығы жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың орындалуын мониторингілеу бойынша көшпелііс-шаралар

2023 жылдың 1-шіжартыжылдығындажаппайжоспарлыветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды орындаудың басталуына байланысты Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының мамандары облыс аудандары мен қалаларының елді мекендеріне қызметтік сапарларды жүзеге асырады.

Іссапарлар барысында Басқарма қызметкерлері ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттерге барады, олардың техникалық жай-күйіне және объектілердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бағалау жүргізеді.

Профилактикалық вакцинация, туберкулинизация және диагностикалық зерттеулер үшін қан сынамаларын алу рәсімін жүргізуді бақылау мақсатында мамандар ветеринариялық станциялардың басшылығымен, ветеринариялық дәрігерлермен және ауылдық округтер мен ауылдардың фельдшерлерімен бірлесіп жеке аулалар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына барады.Сапар қорытындысы бойынша өңірдегі еңбек тәртібі мен эпизоотиялық жағдайды одан әрі талдау үшін талдамалық анықтамалар, фото - және бейнематериал қалыптастырылады.

Мәселен, ағымдағы аптада Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарына        А.А. Қадирбай мен Р.М. Байкенов жіберілді. Басқарма қызметкерлері аталған аудандардың ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ірі қара малды профилактикалық вакцинациялауды жүргізуді жеке бақылауды жүзеге асырды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

Дата публикации
29 марта 2023