Африка обасы – шошқалардың аса қауіпті жоғары жұқпалы вирустық ауруы, қызба, тері цианозы (көкшіл) немесе гиперемия (қызару), ішкі ағзалардағы кең геморрагиялармен сипатталады.
Жыл мезгіліне қарамастан барлық тұқымдағы және жастағы үй шошқалары ауырады. Жануарлардың басқа түрлеріне, сондай-ақ адамдарға вирус жұқпайды.
Инфекция көзі – ауру жануарлар мен вирус тасымалдаушылар (жабайы шошқалар).
Қоздырғыштың берілу факторлары – ауру жануарлардың секрецияларымен ластанған жем, жайылым, көлік құралдары.
Белгілері. Жануарларда дене қызуы 41-42 °С дейін көтеріледі. Дененің әртүрлі бөліктерінің терісінде, әсіресе іштің маңайында, шаптың беттерінде күлгін-қызыл дақтар, қанталау және гематомалар пайда болады. Ауру алғаш пайда болған кезде аурушаңдығы мен өлім-жітімі 100% - ға жақындайды.
Алдын алу және күресу шаралары. Африкалық шошқа обасының алдын алудың тиімді құралдары (вакциналар, сарысулар) әлі әзірленбеген, емдеуге тыйым салынады.
Инфекция ошағы (карантин) пайда болған жағдайда, ауру шошқа басын қансыз әдіспен толығымен жою, сондай-ақ ошақ пен одан 20 км радиуста барлық шошқаларды жою қолданылады. Ауру және ауру жануарлармен байланыста болған жануарлар кейіннен өлекселерді өртеп союға жатады.