Қостанай облысы ветеринария саласының 01.03.2023 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 42% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіліді:

- ағымдағы жылғы ақпан айында ІҚМ 16 820 бас жоспарымен 19 948 сынама зерттелді, немесе 118,6 %.

- ағымдағы жылғы ақпан айында ҰММ 20 661 бас жоспарымен 18 817 сынама зерттелді, немесе 91,1 %.

Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары

Қостанай облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Ағымдағы жылдың наурыз айында жануарлар мен құстарға жоспарлы профилактикалық вакцинация жүргізуге кірісу жоспарланып отыр.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 науырызға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 4 041 ветеринариялық анықтама берілді.

 

Дата публикации
01 марта 2023